Қоғам
2023 жылы қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғаюы мүмкін

Еңбек министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашық талқыға шығарылған құжатқа сай, 2023 жылы Қазақстан өңірлері 1 925 қандасты қабылдамақ. Сонымен қатар, еліміз 6 727 қоныс аударушыға квота беруі мүмкін.
2022 жылы ел Үкіметі елге оралуға ниетті қандастар үшін — 1 499 квота, ал қоныс аударушыларға – 6 587 квота бөлген еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығын ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.