Қоғам

2023 жылдың бірінші күні Қазақстанда 782 бала дүниеге келді

2023 жылдың бірінші күні Қазақстанда 782 бала дүниеге келді, — деп хабарлайды Turanews.kz порталы  Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың бірінші күні республиканың перзентханаларында 782 бала, 398 ұл және 384 қыз, оның ішінде үш жұп егіз дүниеге келді.

Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны тағыда Түркістан облысында тіркелді – 115 бала , екінші орында — оңтүстік мегаполис Алматы 83 балаға толықты және туу бойынша үшінші Шымкент қаласы, онда бірден 69 қазақстандық дүниеге келді.

Республиканың астанасында 1 қаңтар 60 баланың туған күні болады.

TuraNews

Back to top button