БастыМәдениет

2023 жылды қазақ композиторы Темірбек Жүргенов жылы деп жариялады

2023 жыл түгел түркі жұрты үшін айырықша өтпек. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығы әлемдік деңгейде тойланып, бірнеше бағыттағы жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, дәстүрлі түрде өтетін авиация, ғарыш және технология фестиваліне бауырлас елдердің жастары атсалсады. Маңызды шешімдер ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында қабылданды. Халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің қатысуымен өткен жиында түркі әлемінің мәдени астанасының байрағы, Түркияның Бурса қаласынан- Әзірбайжанның Шуша шаһарына ресми түрде табысталды.

Сұлтан Раев, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысы:

«Түркі әлеміне қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылдадық. Түрікменістанның Аннау шаһары 2024 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Сондай-ақ 2024 жылды Түркімен әдебиетінің классигі, ғұлама философ, ғалым Мақтымқұлы Фрағи жылы деп бекіттік. Бұдан бөлек, халықтарымыздың мәдени материалдық емес мұрасының дәстүрлерін сақтауға бағытталған бірқатар жұмыстарды қолға аламыз.»

2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Қазақ мәдениетіне, әдебиеті және өнер саласына айтарлықтай үлес қосқан тұлғаның 125 жылдығы бауырлас түркі әлемінде кеңінен тойланатын болды. Сондай-ақ қазақстандық делегацияның өкілдері Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы аясында «KYMYZFEST» фестивалін өткізуді ұсынды. Еңбекті насихаттып, туыстық және достық байланыстарды нығайтуға бағытталған игі шараны тұрақты кеңесте бір ауыздан қабылдады.

Роза Кәрібжанова, Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы: 

«Қазақстанның атынан көрнекті мемлекет қайраткері, Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын насихаттау туралы ұсыныс бердік. Сонымен қатар, актриса Рима Бекенованың және Жазушы Зафер Алимбаевтың 100 жылдығын түркі тілдес елдерде кеңінен насихаттау жөнінде ұсынысымызды бердік. Бұл ұсыныс қабылданады деп сенімдеміз. Жалпы ТҮРКСОЙ аясында Қазақстан турақты мүшесі ретінде көптеген шара өткізеді. ТҮРКСОЙ ұйымының бізге берген ұсыныстары немесе біздің ТҮРКСОЙ аясында берген ұсыныстарымыз міндетті түрде қабылданады. Бұл жылдар бойы қалыптасқан жұмыс.»

Бұдан бөлек, Қазақстандық делегация өкілдері Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және  Өзбекстанның мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық арттыру жөнінде пікір алмасты.

Айта кеткен жөн, келесі ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты кеңесінің отырысы Әзірбайжанның Шуша қаласында өтеді.

Source
Turksoy

TuraNews

Back to top button