ДенсаулықҚоғам

2 жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 4 мың нәресте дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғаннан бері 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп жазады Turanews.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2020 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке ЭКҰ квотаны 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік 2021 жылдан бастап жыл сайын отбасылық жұптарға ЭКҰ жүргізуге 7 000 квота берумен «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде (2021-2022 жылдары) 14 000 әйел квота алды. Нәтижесінде 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді, шамамен 2 500 әйел жүктілігі бойынша қаралуда», — делінген министрлік ақпаратында.

Тұжырымдама 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

TuraNews

Back to top button