БастыМәдениет

1940-1950 жж. қазақ көші және мәдени мұра: Ыстанбұлда тарихи кездесу өтті

Кездесу қазақ-түрік мәдени мұраларын сақтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерудің маңызды қадамы ретінде бағаланды.

Түркияның Ыстанбұл қаласында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас кеңесшісі, Түркия Республикасындағы Қазақстанның алғашқы консулы Ержан Уәйіс Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының өкілдерін қабылдады. Кездесуге орталық директоры, PhD докторы Ж.Болдыков пен орталық ғалымдары, т.ғ.д., профессор З.Дүкенбаева және т.ғ.к., доцент Г.Бисенова қатысты.

Кездесу барысында Ержан Уәйіс мырза Ыстанбұл қаласындағы Mimar Sinan Tarih атындағы Өнер университеті ұйымдастырған «Архив құжаттарындағы 1940-1950 жж. Қазақтардың Үндістан және Пәкістан арқылы Түркияға көші» атты Халықаралық конференция жұмысы мен аталмыш конференция аясында осы көштің куәгері Зейнел Сүрмелінің қазақ және түрік тілдеріндегі өлеңдер жинағының тұсау кесер рәсімі сәтті өткендігін атап өтті.

Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы Түркия Республикасы мен Қазақстан арасындағы достық, мәдени және ғылыми байланыстар аясы кеңейе түссін деген тілекпен «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мырзаның атынан шараға қатысқан ғалымдарға алғысын білдірді.

 

Source
facebook.com/sirekkitap

TuraNews

Back to top button