Америка Құрама Штаттарында орналасқан «Engineering News-Record» журналы Түркиядағы «1915 Чанаккале көпірін» «Жыл жобасы» ретінде таңдады, деп жазады TuraNews.kz.
Онлайн форматта өткен марапаттау кешінде «1915 Чанаккале көпірінің» жоба иелері марапатталды.
Антарктидадан басқа барлық континенттен және 23 елден 100-ден астам инженерлік жоба ұсынылған байқауда қазылар алқасы ұжымдық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі, инновация мен қоғамға қосқан үлесі, құрылыс сапасы, дизайндағы эстетикалық сапа сияқты көптеген критерийлерді бағалай отырып, 31 жобаны марапаттады.
Осы айда өткізілген екінші турда жеңімпаз атанған 31 жобаның арасында жасалған жалпы бағалау нәтижесінде «1915 Чанаккале көпірі» жобасы «Жыл жобасы» сыйлығына ие болды.
«1915 Чанаккале көпірі» осы уақытқа дейін 24 ұлттық және халықаралық беделді марапаттарға ие болды.