БастыСпорт

17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Түркияның Анталия қаласындағы жарыстың финалына шыққан Қазақстандық, 17 жастағы Аружан Сағындықова ITF World Tennis Tour W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Team Kazakhstan академиясының түлегі А. Сағындықова қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты.

Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді – 7:5, 3:6, 10:4.

Аружан жекелей сында да тым-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

«Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан, бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып, қолдаған Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын», — деді марапаттаудан соң Аружан Сағындықова.

 

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button