БастыСпорт

15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, жеп хабарлайды Turanews.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

«Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім», деді Ә.Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина — Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.

 

TuraNews

Back to top button