Спорт
14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды
Қазақстандық Ариана Гогулина Үндістанның Гургаон қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors World Tennis Tour сериясында өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды, деп Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, Муккам Ерматов баптайтын 14 жасар қазақстандық спортшы Үндістанда теңдессіз өнер көрсетті.
Астанадағы ұлттық теннис орталығының түлегі жекелей сында финалда үндістандық спортшыны ұтты. Бірінші партия 6:2 есебімен аяқталса, екіншісінде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.