1 шілдеден бастап Қазақстанда ішімдік қымбаттайды
1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Turanews.kz.
Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.
Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:
– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.
– коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.
Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:
– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;
– коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.
Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.