Экономика

1 шілдеде темекі қымбаттайды

1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

«20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллалар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

— 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 710 теңге;

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», — делінген бұйырық-жобасында.

Министрлік түсіндірмесіне сай, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағаларының өсуіне мыналар себеп:

— 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14% көтерілді;

— импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% өсті;

— темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;

— 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.

Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

TuraNews

Back to top button