Қоғам

«Әділет» партиясы IT мектеп-лицейінің ұжымына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Өскемен қаласындағы IT мектеп-лицейінде «Әділет» партиясының өкілдері білім беру ұйымының ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндірді.

Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген білім беру сапасын арттыру, цифрландыруды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, адами капиталды нығайту және білікті мамандар даярлау мәселелеріне баса назар аударылды.

Партия өкілдері аталған бағыттардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды жүзеге асыруда білім беру саласының рөлі ерекше екенін жеткізді. Әсіресе, IT бағытындағы білімді дамыту, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау – болашақтың бәсекеге қабілетті мамандарын даярлаудың маңызды шарты.

«Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесін дамытуға, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше мән берілген. Бүгінде IT саласы экономиканың маңызды қозғаушы күшіне айналып келеді. Сондықтан өскелең ұрпақтың осы бағытта сапалы білім алып, заманауи технологияларды меңгеруі аса маңызды.

Өскемендегі IT мектеп-лицейінің жұмысы осы міндеттермен тікелей үндеседі. Мұнда оқушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың жаңашыл ойлауына, ізденуіне және өз қабілеттерін дамытуына мүмкіндік жасалады. Білімді ұрпақ – еліміздің басты капиталы. Сол себепті ұстаздардың еңбегін қолдау, білім беру сапасын арттыру және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді «Әділет» партиясының белсенді мүшесі Жанна Сагандыкова.

TuraNews

Back to top button