БастыҚоғам
Trending

Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына ауқымды дайындық жұмыстары жалғасуда

Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтулы дата қарсаңында елорда көшелеріне мемлекеттік тулар мен тақырыптық баннерлер ілініп, ғимараттардың қасбеттері мен LED-экрандарда мерекелік бейнелер көрсетіле бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік безендіруді қаланың бірнеше аумағынан көруге болады. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер қалалық 3D LED-экранда, шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және басқа да нысандарда көрсетіліп жатыр.

Мерекелік шараларға елорданың сауда орталықтары да атсалысуда. Олардың ішкі LED-экрандарынан Қазақстан тәуелсіздігіне арналған бейнероликтер көрсетілуде.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді

TuraNews

Back to top button