Қоғам

Астанада Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік еске алынды

Түркия Республикасының тұңғыш президенті — Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 88 жыл толуына орай Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігінің ұйымдастыруымен елордадағы Ататүрік паркінде салтанатты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Астана уақытымен сағат 09.05-те паркте орналасқан Ататүрік ескерткішінің алдына жиналған қауым ұлы көшбасшының рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Түркия Республикасының Түркиядан тыс жердегі өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері, қазақстандық түріктанушылар, студенттер мен түрік диаспорасының мүшелері қатысқан шарада Ататүріктің әлемдік тарихтағы орны мен ерен еңбегі еске алынды.

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, заманауи түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік бақилық болғанына 88 жыл өтсе дe, оның қалдырған өшпес мұрасы мен жүзеге асырған реформалары бүгінгі күнге дейін ұрпақтар жадында аса жоғары құрметпен сақталып келеді.

TuraNews

Back to top button