БастыМәдениетСаясат
Trending

Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі, деп хабарлайды TuraNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент қазіргі кезде тіл мәселесі әлемде өзекті әрі нәзік тақырыпқа айналғанын атап өтті.

«Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. Себебі Ана тілі мәселесі, бұл – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып. Қазіргі таңда дүние жүзінде тіл өзекті, нәзік мәселеге айналып кетті. Бұл үрдіске бәріміз куә болып отырмыз. Ең алдымен, осы жерде сөз сөйлеп, мазмұнды ойларын ортаға салған азаматтарға алғысымды білдіремін. Салмақты пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Соның бәрін мұқият қарап, алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

TuraNews

Back to top button