Анкарада өткен жоғары деңгейдегі кездесулер аясында Түркия мен Өзбекстан арасында сауда, әлеуметтік қамсыздандыру және іскерлік ортаны қолдау салаларын қамтитын 5 маңызды құжатқа қол қойылды.
Президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы әріптестікті тереңдететін төмендегі келісімдер рәсімделді:
-
Ел шекарасынан өтетін көлік құралдары мен жүктер туралы алдын ала ақпарат алмасу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу;
-
Екі ел арасындағы Преференциялық сауда келісімін өзгерту туралы хаттама;
-
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және оны қолдануға қатысты әкімшілік келісім;
-
Іскерлік орта мен бизнес өкілдереін қолдау мақсатында Жоғары деңгейдегі кеңес құру туралы келісім.
Бұл құжаттар бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған.


