Салық жүйесі: кәсіпкерлікті қолдау және экономикалық өсімге жол ашу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында салық саясатын жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Президенттің айтуынша, жаңа Салық кодексі салық жүйесін кешенді жаңғыртуға негіз болғанымен, оны іс жүзінде қолдану барысында бірқатар мәселелер анықталуда. Атап айтқанда, кәсіпкерлер жекелеген нормаларды түсіндіру мен қолдануда қиындықтарға тап болып отыр.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, салық заңнамасына нақты әрі жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма берді.
Басты міндеттер:
* салық заңнамасындағы қайшылықтарды жою;
* нормаларды әртүрлі түсіндіруге жол бермеу;
* кәсіпкерлерге түсетін негізсіз салықтық жүктемені азайту;
* бизнес үшін тұрақты әрі болжамды жағдай қалыптастыру;
* инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандыру.
Сонымен қатар Президент салық салудың әділдігін қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті.
Бұл бастамалардың барлығы кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға, экономиканың ашықтығын арттыруға және ұлттық экономиканың тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Тұрақты салық саясаты – сенімді бизнес, жаңа инвестициялар және экономикалық өсімнің маңызды негізі.


