Әлем

Түркияда Республика күніне 103 жыл толды

Түркияда жыл сайын 29 қазанда аталып өтетін Республика күні – ел тарихындағы ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Дәл осы күні, 1923 жылы Түркия ресми түрде Республика болып жарияланды. 1920 жылғы 23 сәуірде Ұлы Ұлттық Мәжіліс (парламент) ашылып, ел тарихында жаңа кезең басталды. Кейін, 1923 жылдың 24 шілдесінде Лозанна келісімшартына қол қойылып, Түркияның тәуелсіздігі халықаралық деңгейде ресми түрде танылды.

1923 жылдың 29 қазанында Мұстафа Кемал Ататүрік Түркияны Республика деп жариялап, парламентте өткен дауыс беру нәтижесінде бірауыздан елдің тұңғыш Президенті болып сайланды. 1925 жылғы 19 сәуірде Ұлы Ұлттық Мәжіліс бұл күнді Түркияның ұлттық мейрамы ретінде бекітті.

Қазіргі таңда Республика күні ел көлемінде кең көлемде тойланады. Мерекелік шаралар әдетте 28 қазан күні түстен кейін басталып, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары демалысқа шығады. Бұл күні ел аумағында ұлттық тулар ілініп, салтанатты жиындар мен мерекелік шерулер ұйымдастырылады.

TuraNews

Back to top button