БастыҚоғамМәдениетСаясатЭкономика
Trending

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

— Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси жоба немесе әскери ұйым емес екенін Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мәлімдеді.

Алдағы уақытта Түркі мемлекеттерінің ортақ картасы жасалатыны хабарланды.

 

TuraNews

Back to top button