БастыЭкономика
Trending

Орта бизнес ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуі керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында шағын және орта бизнес туралы пікірін айтты.

Президенттің айтуынша, қазір оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, ал негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70 пайызға жақындап келе жатыр.

— Шағын бизнестің маңыздылығы бәрімізге белгілі, ол көптеген елде экономиканың қозғаушы күші саналады. Бүгінде бұл саладағы кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы саудамен айналысады. Сол себепті шағын бизнес құрылымын әртараптандыруға баса мән беру қажет деп үнемі айтып жүрміз, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр.

— Құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді каржыландыру әрі технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Source
İnform.kz

TuraNews

Back to top button