БастыЭкономика

Қазақстанда шетелдік көлікті заңдастыруға арналған сервис іске қосылды

Автокөліктерді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға болады.

eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасында шетелден әкелінген көліктерді заңдастыруға арналған сервис іске қосылды, деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлайды.

Үкімет қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктерді eGov порталының «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» атты жаңа сервисінде электронды өтініш беру арқылы заңдастыра алады. Өтініш бойынша B (жеңіл автомобильдер) және D1 (микроавтобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігі тексеріледі:

  • елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінгені;
  • қылмыстық белгілердің болмауы;
  • кедендік тазартудың болуы.

Жаңа сервисті eGov порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінен және «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Сервис eGov Mobile қосымшасының «Жүргізу және көлік» бөлімінде қолжетімді.

TuraNews

Back to top button