Қоғам
Ұлытау облысында 150-ден астам ағаш отырғызылды

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Сәтбаев қаласына бағытталған тасжол бойында ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шара барысында 150-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
Акцияға 500-ден астам облыс тұрғыны, жастар мен қоғам белсенділері, сондай-ақ облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері қатысты. Қатысушылар өңірді көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Іс-шара тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және ортақ іске жұмылуға бағытталды.
Ағаш отырғызу акциясы өңірдегі көгалдандыру жұмыстарының жалғасы болды. Алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендерді көркейтуге арналған іс-шаралар жалғасын табады.



