Спорт

Өскеменде Ұлттық ұлан жауынгерлері тұңғыш рет садақ атудан сайысқа түсті

Өскеменде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің садақ атудан сынға түсті. Облыстық садақ ату федерациясы ұйымдастырған іс-шара отызға жуық әскери қызметші қатысты.

Сайыс ережесі бойынша қатысушылар он бес метр қашықтықтан нысанаға дөп тигізу қажет болды. Сайысқа қатысушы әскери қызметшілерге төрт жебеден берілді. Жекпе-жек сарайында өткен сайысқа отызға жуық әскери қызметші қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасы бірінші орынға ие болды.

— Аталған жарыстың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің дене дайындығын арттырып, дәлдікді дамыту сонымен қатар ұлттық спортқа деген қызығушылықты күшейту болды. Ұланғайыр жер қалдырған бабаларымыз аттың үстінде шауып келе жатып, қарсыласына жебе дарытқан. Сондықтан қаққан қазықтай бір орнында тұрып, садақтан ату әскерилер үшін аса қиындық тудырмады. Жалпы, садақ ату – тек спорт қана емес, сонымен қатар төзімділікке, зейінге және өзін-өзі басқаруға үйрететін өнер, — дейді 5518 әскери бөлімінің дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы капитан Ерхат Қарақұлов.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелеген бағыттарда үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер грамота және медальдармен марапатталды.

Іс-шараның тағы бір маңызды нәтижесі – облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы мен 5518 әскери бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы. Құжат ұлттық спорт түрлерін әскери ортада кеңінен насихаттауға және бірлескен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Еске салайық, әскери бөлім бұған дейін тұңғыш рет құқықтық тәртіп әскерінде жүзуден жарысқа түскен болатын.

TuraNews

Back to top button