Әлем

Ақтаудағы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Түркия көңіл айтты

АСТАНА – TuraNews.kz. Түркия Республикасы Ақтау қаласының маңындағы теңіз жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты. Ресми мәлімдеме бейсенбі күні Түркияның Сыртқы істер министрлігі тарапынан жарияланды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Біз бүгін, 24 қыркүйекте Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Ақтау жағалауында өткізген әскери жаттығулары кезінде орын алған қайғылы жағдай мен адам шығынына терең күйзеліспен көңіл айтамыз», — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Түркия Сыртқы істер министрлігі апат салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты және марқұмдардың топырағы торқа болуын тіледі.

TuraNews

Back to top button