Басты
Trending

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында қайғылы оқиға болды. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сондай-ақ Премьер-министр өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Source
egemen.kz

TuraNews

Back to top button