БастыТуризм
Trending

Алматы әлемдік туристік картаға шығады

Алматының туристік әлеуеті Turkish Airlines-пен жасалған меморандум аясында шетелде ілгерілетіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Алматы қаласының Туризм басқармасы Turkish Airlines әуе компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қала туризмінің әлеуетін шетелдік нарықтарда бірлесіп ілгерілетуді және маркетингтік науқандар өткізуді көздейді.

Ынтымақтастық бағыттарының бірі – әуе компаниясының Ыстанбұлмен байланыстыратын бағыттар желісі арқылы Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және басқа да өңірлерден туристер тарту.

Бүгінде Turkish Airlines 133 елге, 351 қалаға және 358 әуежайға рейс орындайды. Алматы мен Ыстанбұл арасында аптасына 21 рейске дейін тікелей әуе қатынасы бар.

2025 жылы Алматыға Түркиядан 36 954 турист келді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары.

Меморандум Алматы қаласы Туризм басқармасына қаланы халықаралық деңгейде ілгерілету географиясын кеңейтуге және түрлі елдерден туристер тарту үшін әуе компаниясының бағыттар желісінің мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button