«Мықты отбасы – мықты қоғам» семинар-тренинг

Қаражал қаласында «Мықты отбасы – мықты қоғам» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту.
Семинар барысында қатысушылармен отбасы құндылықтары, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, бір-бірін қолдау және тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді. Қатысушыларға отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық жаттығулар мен практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Сонымен қатар, тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында отбасы берекесі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы қорытынды пікірлер айтылып, қатысушыларға отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.



