ӘлемТуризм

«Шығыстың маржаны» Ван халықаралық туризм көрмесін қабылдайды

Ван халықаралық туризм көрмесі Түркиядағы ауқымы бойынша үшінші ең үлкен әрі маңызды жаһандық туристік алаң.

Түркияның тарихи әрі туристік орталықтарының бірі, «Шығыстың маржаны» атанған Ван қаласында 2026 жылдың 19–21 қарашасы аралығында 15-ші Шығыс Анатолия Халықаралық туризм және саяхат көрмесі өтеді. 

Халықаралық көрменің басты мақсаты — аймақтың бай тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар шара туроператорлар, мейманхана бизнесінің өкілдері, туристік кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы іскерлік байланысты нығайтатын маңызды диалог алаңына айналады.

Көрмеге қатысу шарттары мен қосымша ақпарат бойынша ұйымдастырушылармен хабарласуға болады:

  • E-mail: info@ipekyoluexpo.com

TuraNews

Back to top button