Экономика
Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,13 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 472, 47 теңге.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471, 43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 4725,5 теңге.
Ресей рублі 7,37 — 7, 57 теңге аралығында саудаланып жатыр.