Бүгін, 17 тамызда, Түркия халқы ел тарихындағы ең ауыр табиғи апаттардың бірі – 1999 жылғы Мәрмәр (Ізміт) жер сілкінісінің құрбандарын еске алып жатыр. Осыдан 27 жыл бұрын орын алған бұл қайғылы оқиға мыңдаған адамның өмірін қиып, ел есінде өшпес жара қалдырды.
Апатты еске алу шаралары зардап шеккен аймақтарда, соның ішінде Кожаэли, Сакария, Ялова және Ыстанбұл қалаларында өтуде. Тұрғындар мен ресми тұлғалар жер сілкінісі дәл басталған уақытта – түнгі сағат 03:02-де жиналып, қаза тапқандарды үнсіздік минутымен еске алды. Ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, құрбандардың рухына дұға бағышталауды.
1999 жылы 17 тамызда Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 7,4-ке жеткен жойқын зілзала 45 секундқа созылған болатын. Ресми мәліметтер бойынша, апат салдарынан 17 мыңнан астам адам қаза тауып, 43 мыңға жуық тұрғын жарақат алды. Жүз мыңдаған адам баспанасыз қалып, Түркияның өндірістік орталығы саналатын солтүстік-батыс аймағы үлкен шығынға ұшырады.
Бұл күн Түркияда тек қаралы күн ғана емес, сонымен қатар қоғамға құрылыс қауіпсіздігі мен табиғи апаттарға дайын болудың маңыздылығын еске салатын күн ретінде атап өтіледі.



