Қоғам

Қоқыс тастамау — әр азаматтың жауапкершілігі

Қоқысты кез келген жерге тастау — жай ғана мәдениетсіздік емес, белгіленген талаптарды бұзу.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының 175-тармағына сәйкес, жасыл екпелерге, су айдындарына, жолдың жүріс бөлігіне және тротуарларға қоқыс тастауға жол берілмейді.

Қоқысты арнайы жәшікке тастау — әрқайсымыз жасай алатын қарапайым әрекет. Ал тазалықты сақтау — баршаға ортақ жауапкершілік.

Таза көше — таза қала.
Тазалық — талап қана емес, ортақ мәдениет.

Қоқысты жерге тастама.
Таза Қазақстанды өзіңнен баста! 🇰🇿

TuraNews

Back to top button