Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

Өрттің алдын алу – тек құтқарушылардың емес, әр азаматтың міндеті. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне, денсаулығына және мүлікке үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
📌 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
⚠️ Сондықтан:
✔️ электр желілері мен құрылғыларының жарамдылығын бақылаңыз;
✔️ сіріңке мен отты қараусыз қалдырмаңыз;
✔️ эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеңіз;
✔️ өрт сөндіргіштердің қолжетімді әрі жарамды болуын қадағалаңыз;
✔️ балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
✔️ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – заң талабы ғана емес, адам өмірін қорғаудың басты шарты.
Заңды сақтайық – қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!



