Түркияда орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды

Маусым айының басынан бері Түркияның 16 провинциясында болған 44 орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 6 адам қамауға алынды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Елдің Әділет министрі Акын Гюрлектің мәліметінше, соңғы екі айда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен барлығы 29 адам анықталған. Алты қамауға алынса, тағы 6 адамның ісі бойынша сот шешімі жақында жарияланады. Ал 9 адамға қатысты әкімшілік бақылау шаралары қолданылған. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Әділет министрі елдегі бірде-бір орман өрті прокуратураның назарынан тыс қалмайтынын және оған қатысы бар барлық адам заң аясында қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Түркияның арнайы қызметтері 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс әрекеті кезінде президент Режеп Тайип Ердоғанға қастандық жасауға дайындалды деген іс бойынша іздеуде жүрген соңғы күдіктіні ұстады.



