Ұлытауда «Жасыл аула» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Жасыл аула» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Байбосынова көшесінде тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында көше аумағы қоқыстан тазартылып, бей-берекет өскен шөптер жұлынып, айнала ретке келтірілді. Сонымен қатар, тұрғындар мен балалар үшін қолайлы әрі әсем орта қалыптастыру мақсатында балалар ойын алаңдары сырланып, көріктендіру жұмыстары атқарылды.
Мұндай экологиялық шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Таза аула – жайлы өмірдің кепілі. Әрбір тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қарап, табиғатты аялауға үлес қосса, қаламыздың келбеті одан әрі көркейе түседі.
Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға және ортақ іске белсенді атсалысуға шақырамыз!



