Қоғам
Астанада Ұлытау облысының мәдениеті мен шығармашылығы таныстырылады!

18–19 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер» атты Creative Aimaq жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде Ұлытау облысының мәдениеті, қолөнері, ұлттық құндылықтары мен креативті өнімдері ұсынылады. Келушілерді заманауи сувенирлер, зергерлік бұйымдар, этно-сән топтамалары, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер, Ethno Fashion Show және Jezz Acoustic Band концерті күтеді.
18–19 шілде
Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2
Qazaq Creative Hub
Келіңіздер, Ұлытау облысының бай мұрасын жақынырақ танып, ұлттық өнердің жаңа тынысын бірге тамашалайық!



