БастыҚоғамСпорт
Trending

Тарихты жаңғыртуды мақсат еткен жарыс

Қос ғашық құрметіне аңыз өлекеде 11 шілдеде Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесі маңында жүгіруден жарыс өтті

Абай облысы, Аягөз ауданының Тарлаулы ауылы іргесінде ұлтымыздың махаббат пен адалдықтың символына айналған қос ғашық — Қозы Көрпеш пен Баян сұлу кесенесінің маңында жүгіруден жарыс өтті. Бұл жарыс тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, тарихи-мәдени мұрамызды жаңғыртуды көздеп, тарихи өлкеге туристерді тартуды мақсат етті.

Тарихи орындарда спорттық шаралар ұйымдастыру — жастардың бойында отаншылдық рухын оятатыны және ұлы дала төсінде, киелі мекенде жүгіру әр қатысушыға ерекше күш пен шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Жарысқа жүзге жуық спортшылар мен жанкүйерлер қатысты.

Негізгі қашықтық отбасылы жұптар арасында болды. Оның чемпиондары Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы өкілдері Алдырбаев Қайырхан мен Светлана. Жеке жүгіруден 14-17 жастар арасында Мұқанов Арнұр жеңімпаз болса, 18 жастан жоғары топта ерлер арасында чемпион Серікқанов Рауан, ал әйелдер арасында бас жүлдеге Амирханова Жұлдыз ие болды.

Жарысқа қатысушылар географиясы өте ауқымды болды. Тарлаулы, Ақтоғай мен Қопа аулылының өкілдерімен қатар Түркістан облысның өкілі Баян Божбанбаева 2 орын алса, Астана қаласының тұрғыны Дулат Иманқажы 3 орын иеленді.

Бұл ауқымды спорттық мерекенің жоғары деңгейде өтуіне KAZ Minerals Тобы тікелей мұрындық болып компания атынан ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімдігі жарысты өткізуге үлкен үлес қосты. Олардың арасында ақшалай жүлде тіккен 2006  жылғы мектеп түлектері, жекелей азаматтар да бар.

Осындай игі шараға қолдау көрсеткен Аягөз аудандық әкімдігіне және ақпараттық серіктестер BASSPORT пен mystart  интернет платформаларына алғыс айта отырып, қатысушыларға 30 жылдық мерей тойға орай сыйлықтар берген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне өркендеуді тілейміз!

Жарысқа жалпы басшылық жасаған, техникалық жабдықтар мен сыйлықтармен қамтамасыз еткен Абай облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы бұл жарысты жылда өткізуді жоспарлап отыр.

TuraNews

Back to top button