Сонымен «Qaton-Qaragai Trail — 2026» тарихқа айналды. 6 шілде күні Шығыс Қазақстан обылысында үшінші рет жаяу жүгіруден «Qaton-Qaragai Trail» жарысы өтті. Бұл спорттық іс-шара қатысушыларды салауатты өмір салтына бағыттап, жүгірудің ең қызықты түрін трейлраннингті насихаттауды мақсат етеді. Жарысты ұйымдастырушылар Катонқарағай ауданының әкімдігі мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі, жарыстың демеушісі Kaz Minerаls Тобы.
Катонқарағай ауылының маңында өткен 5 км., 10 км. және 20 км. жарыс трейлраннингтен әуесқойлар мен жүгірудің шеберлері күш сынады.
Жарысқа қатысушылар Катонқарағай Ұлттық парктің «Сарымсақты» маршрутын бойлап орман арасымен жүгірді.
Жарысқа өтінім берген екі жүзге жуық спортшылар арасында халықаралық және республикалық жарыста жеңімпаз болған желаяқтар бар, олар Астана, Алматы, Өскемен, Көкшетау, Семей, Қарағанды қалаларынан, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан келді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы жарыстың демеушісі Kaz Minerаls Тобы атынан берілді. Желақтар жастар санаты бойынша, әйелдер мен ерлер арасында марапаттады. Оларға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына байланысты сыйлықтары табысталды.
Жарыстың 5 км.жеңімпаздары ерлер арасында Мұқанов Арнұр (22 минут 3 секунд), Жүнісов Әсет (22:04), Закирьянов Талгат (23:30), ал әйелдер арасында Оралбек Ақнұр (30:15), Троцюк Шынар (32:04), Юсиф Тахмина (35:14) тыңғылықты дайындықпен келген.
Он шақырым қашықтыққа жүгіріп чемпион болған Абылханов Сұңқар (44:49) пен Алдырбаева Светлана (52:41), жиырма километрде чемпиондар Әбішов Руслан ( 18-39 жастағылар арасында, уақыты 1:38:32), Шпекбаев Нұржан (жастары 40-тан жоғары, 1:46:38) және Тукина Құралай (2:23:29) өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Ұйымдастырушылар Катонқарағай аудан әкімдігі мен «El Sport» РҚБ жарысты қолдаған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшылығына, ақпарттық демеушілер BASSPORT пен mystart интернет басылымдарына алғыс білдіреді.



