ӘлемБастыМәдениет
Trending

Әндіжанда «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының іс-шаралары басталады

«Әндіжан – 2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында Өзбекстанға ТҮРКСОЙ делегациясы мен өнер ұжымдары келді. Қонақтарды Әндіжан халықаралық әуежайында ресми өкілдер мен шығармашылық топтар дәстүрлі музыкалық бағдарламамен қарсы алды.

Жыл бойы өтетін халықаралық мәдениет және өнер шараларына түркітілдес мемлекеттерден 100-ден астам өнерпаз қатысады деп жоспарлануда. Бағдарлама аясында Әндіжан қаласында түрлі концерттер, көрмелер, фестивальдер мен ғылыми-практикалық кездесулер ұйымдастырылады.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігімен бірлескен дайындық жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Ұйым басшысының айтуынша, биылғы шаралар түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын танытуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

TuraNews

Back to top button