БастыҚоғам

Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

«2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы — 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы — 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз). 2020 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті», деп хабарлады.

egemen.kz

2021 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен (162,5 мың адам) салыстырғанда 10,1 пайызға өсті және 178,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 14,14 пайыз болады.

Туғандар мен қайтыс болғандар саны

2021 жылғы қаңтар-тамызда дүниеге келгендер саны 296,5 мың адам болса, бұл 2020 жылға қарағанда 8,4 пайызға артық (273,4 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,44-ке сай келеді.

Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 117,6 мың адам, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6 пайызға артық (111 мың адам). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9,3-ке сай келеді.

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында бір жасқа дейінгі 2345 нәресте қайтыс болды. 2020 жылдың осы кезеңінде 2129 нәресте қайтыс болды. Өлім-жітім 10,1 пайызға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген адамға 7,91 болады.

Көшіп келгендердің саны

Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда елге келгендер саны — 6339 адам, елден кеткендер саны — 22685 адам, көші-қон тепе-теңдігі 16346 адам болады.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1 пайызды, көшіп кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 86,1 пайызын құрады.

Республика шегінде көшіп келгендер саны 7,3 пайызға ұлғайды.

Қазақстан ішінде азаматтар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Маңғыстау облыстары арасында ауысады.

TuraNews

Back to top button