Қоғам

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында арнайы Telegram-бот іске қосылды

Ұлытау облысының тұрғындары енді аймақты абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына белсенді атсалыса алады. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде арнайы TazaQazBot Telegram-чаты ресми түрде іске қосылды.

Бұл цифрлық платформа азаматтар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты жеделдетуге бағытталған. Арнайы Telegram-бот арқылы облыс тұрғындары елді мекендерді абаттандыру, қоқыс орындарын тазалау және санитарлық талаптардың бұзылуына қатысты өтінімдерді тікелей жолдай алады.

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін боттың функционалы кеңейтілген: пайдаланушылар туындаған мәселені қысқаша сипаттап, фотосуретін жүктей алады және проблемалық аймақтың нақты мекенжайын картадан белгілеп көрсете алады. Бұл өз кезегінде жауапты қызметтердің мәселеге жедел назар аударып, уақытылы шара қолдануына мүмкіндік береді.

Ұлытау облысының әкімдігі мен жауапты мекемелер барлық тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және цифрлық жобаны белсенді қолдануға шақырады.

TazaQazBot Telegram-ботының ресми сілтемесі: https://t.me/TazaQazBot

TuraNews

Back to top button