Қоғам

Ұлытау: Қаражал қаласының айналма жолын жаңғырту жұмыстары басталды

Қаражал қаласының көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі – айналма жолды асфальттау жұмыстары басталды.

Қаражал – Атасу бағытындағы жалпы ұзындығы 28 шақырым автомобиль жолының Қаражал қаласы аумағына тиесілі 7,2 шақырым бөлігінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жобаны мердігер ұйым – «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатыр.

Аталған жоба жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, тұрғындар мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жол жөндеу жұмыстарын 2026 жылғы 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

TuraNews

Back to top button