
Черногория президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Черногория басшысының елімізге сапары 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің шақыруымен ұйымдастырылып отыр.
19 маусым күні жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.
Ақорда мәліметінше, келіссөздер екі ел арасындағы өзара байланыстарды дамытуға және жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.



