Басты

Жаңа даму көздері: Глубокое ауданында қайта өңдеу саласында жаңа жобалар жүзеге асырылуда

ШҚО-ның Глубокое ауданында қайта өңдеу саласында бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

– «Altyn Shyghys» ЖШС Предгорное ауылындағы қолданыстағы май зауытының базасында рафинациялау және дезодорациялау цехын салу жобасын іске асыруда. Өткен жылы инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеден асты. Қажетті жабдықтар орнатылып болды, нысанды пайдалануға беру осы жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, – деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында тағы бірнеше жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау саласында Веселовка және Быструха ауылдарында астық қоймаларын салу жоспарланған. Олардың жалпы сыйымдылығы 28 мың тоннадан асады.

Әкімдіктің түсіндіруінше, бұл жобалар өнім шығынын азайтып, логистиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button