Қоғам

Қазақстанда балалар үйі түгелдей жабыла ма?

Қазақстанда балалар үйінің қызметі қайта қаралады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіби патронаттық отбасының артықшылығы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беру мүмкіндігі. Бұған дейін жетімдер алдымен балалар үйінде тіркеліп, содан соң ғана асырап алу мәселесі қаралды. Енді жаңа заң бойынша баланы кәсіби патронаттық отбасыға тікелей беруге болады. Яғни бала отбасының жылуын сезініп өседі. Дегенмен бұл елімізде балалар үйі жабылады деген сөз емес. Дұрысырақ айтқанда, балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылады»,- деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, аталған бағыттағы жұмыс сала мамандары және сарапшылармен одан әрі пысықталады.

TuraNews

Back to top button