Туризм
Ұлытауда туристер үшін жаңа қонақ үйлер ашылады
Туризм саласын дамыту және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Ұлытау облысында қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге айрықша мән берілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Фархат Нұрдаулетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл жыл соңына дейін өңірде туристік әлеуетті арттыруға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылып, пайдалануға беріледі.
Бұл бастамалар өңірге келетін туристер санының артуына, қызмет көрсету сапасының жақсаруына және туризм индустриясының қарқынды дамуына серпін береді.



