ҚоғамМәдениет
Trending

Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық фестивалі өтеді

Ұлытау облысында қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» атты республикалық этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Мәдени шара үстіміздегі жылдың 27 маусымында Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылында бастау алмақ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестиваль бағдарламасы ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған бірегей шараларға толы болады. Қонақтар этноауылдар тынысымен танысып, ежелгі «Қымызмұрындық» рәсіміне куә бола алады. Сонымен қатар шара аясында ұлттық спорт ойындары, қолөнер шеберлерінің көрмесі және танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Фестивальдің басты ерекшелігі ретінде 500 бие бір уақытта сауылатын тарихи көрініс көпшілік назарына ұсынылады.

Қазақ даласының рухын сезіндіретін бұл ерекше мәдени жоба облыс тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мұраны бірге ұлықтауға шақырады.

Мәдени іс-шараның ресми ашылуы сағат 10:00-ге белгіленген.

TuraNews

Back to top button