БастыТехнология

Полиция дрон пайдалануды меңгеріп жатыр

ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатыр.

Цифрлық шешімдерді, заманауи технологиялар мен озық жұмыс тәсілдерін енгізу мәселелері Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ерекше бақылауында.

ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатыр
Фото: ІІМ

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары аясында ведомство басшысының тапсырмасымен ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелердің оқу-жаттығу зертханасы ашылды.

ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатыр
Фото: ІІМ

Зертхана ішкі істер органдарының криминалистикалық және өзге де бөлімшелері қызметкерлерін қызметтік міндеттерді орындау кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануға даярлауға арналған.

ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатыр
Фото: ІІМ

Оқу бағдарламасы теориялық дайындықты, арнайы симуляторлармен жұмыс істеуді және арнайы жабдықталған полигонда тәжірибелік ұшуларды қамтиды. Меңгерген білім мен дағдылар қызметкерлерге қылмыстарды ашу және тергеу, іздестіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында заманауи техникалық құралдарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Зертхананың ашылуы ІІМ-нің цифрлық трансформация бағытын іске асырудағы, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттырудағы және полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізудегі кезекті маңызды қадам болды.

Айта кетелік Қазақстанда қауіпті өндірістік нысандарды ЖИ бақылайды.

https://kaz.inform.kz/news/politsiya-dron-paydalanudi-mengerp-zhatir-80506616

Source
inform.kz

TuraNews

Back to top button