Қоғам

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы ұшқышсыз аппараттың қонуына қатысты түсініктеме берді

Жамбыл облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қонуына байланысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымда ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонған.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген. Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

TuraNews

Back to top button