БастыҚоғам
Trending

Қазақстанда шомылу маусымы басталды

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде шомылу маусымы басталғанын хабарлады.

ТЖМ қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Ерекше назар жаппай демалыс орындары мен балалардың қауіпсіздігіне аударылып отыр.

— Құрметті азаматтар, шомылу үшін арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар, — делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button