Қоғам
Ұлытау: Рәміздер алаңына дейінгі жол жаңғыртылуда

Ұлытау ауданындағы Рәміздер алаңына дейінгі жолды жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, өткен жылы бұл бағытта көтерме жол салынып, жерді тегістеу жұмыстары атқарылып, су өткізетін құбырлар орнатылған болатын. Бүгінде сол жұмыстардың жалғасы ретінде жолды толықтай асфальттау кезеңі жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, алаң аумағын қоршау жұмыстары да бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Аталған жобалар мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтайтын нысанның инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.



